Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

17.05.2023

Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Ақпаратты Антикор қызметі растады. Шенеуніктің не үшін қолға түскені әзірге белгісіз. Өзге мәлімет тергеудің құпиялығына байланысты жарияланбайды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әлия Қожабаева бұл қызметке 2020 жылдың ақпан айында келген. Еңбек жолын Ақмола облысында бастаған. 


Хабарламаларға жазылу