Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

03.08.2022

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны 1,3 есе артты. Науқастардың арасында жеткіншектер мен жүкті әйелдер көп. Ақтаудағы тілшіміз Аягөз Оралбайқызы эпидемиялық ахуалды скайп арқылы айтуға әзір, Аягөз, қайырлы таң, сөз сізде.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Аймақта соңғы аптада вирус жұқтырған 211 адам анықталып, көрсеткіш 1,3 есе арқан. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлімдеді. Оның айтуынша алдыңғы аптада 155 жағдай тіркелген. Соңғы аптада короновирус инфекциясын жұқтырғандар 56 адамға көбейді. Ақтауда 95 жағдай тіркелді. Жалпы облыс бойынша шілде айында 465 адам КВИ жұқтырған. Олардың тең жартысының вакцина қабылдамағына белгілі болды.

Қазір Стационарда 19 адам ем алып жатыр, оның ішінде 7 жүкті әйел және 6 жеткеншек бар. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ.

Ауырғандардың көбі вакцина алмағандықтан мамандар тұрғындарды ревакциянация және вакцинациялау жұмыстарын қайтадан қолға алмақ. Сондай-ақ, дәрігерлер Короновирустың таралуының алдын алу үшін қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланатын жерлерде, жабық ғимараттарда бетперде тағу керектігін ескертеді. Айта кетейін, Маңғыстау - жасыл аймақта.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу