АҚШ-та нөсер жауын салдарынан су тасып, 26 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та нөсер жауын салдарынан су тасып, 26 адам қаза тапты

01.08.2022

АҚШ тың Кентукки штатында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кем дегенде 26 адам қаза тапты. Оның ішінде төрт бала бар. Бірақ апаттан опат болғандардың қатары көбеюі мүмкін дейді штат губернаторы Энди Бешер. Хабар ошарсыз кеткендерді іздестіру бірнеше апта бойы жалғасады.

Су тасқыны – соңғы жеті ай ішінде Кентуккиде болған екінші ірі апат. Желтоқсанда торнадо 80-ге жуық адамның өмірін қиған еді. Қазірдің өзінде жүздеген миллион доллар шығын келген. Жүздеген отбасы баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Жексенбі күні штатта 13 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Президент Джо Байден су тасқынын үлкен апат деп жариялап, федералды бюджеттен қаржы бөлетінін мәлімдеді.

Ұлттық ауа райы қызметі штаттың алдағы күндері оңтүстігі мен шығысында нөсер жауып тоқтамай, су тасқыны қаупі әлі сақталатынын ескертті.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу