Соңғы тәулікте 1686 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы тәулікте 1686 адам коронавирус жұқтырған

28.06.2021

Елдегі эпидахуал қайта ушыға бастады. Вирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақтағы өңірлер саны 5-ке жетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қауіптің қызыл деңгейінде тұр. Тағы 3 өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті. Яғни Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары қауіптің орташа деңгейінде. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Соңғы тәулікте 1686 адам коронавирус жұқтырған. Вирустық белгілері бар пневмонияға 15 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам қайтыс болды. Бүгінде 24 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 474-інің жағдайы ауыр. Екпе алғандар саны 3 млн 165 мыңнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу