Жыл басталғалы коронавирустан 785 қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Өлім дерегі әсіресе, қаңтар-ақпан айларында көп тіркелген. Сәйкесінше, көктемнен бастап қайтыс болу жағдайы азая бастаған. Өйткені, "омикрон" штаммы науқастарда жеңіл өтіп жатыр.
Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Қаңтарда - 311 адам , ақпанда - 411, наурыз айында - 54, сәуірде - 3, мамырда - 3, маусымда -1, шілдеде - 2 науқас көз жұмды.
Елде әлі де эпидемиолгиялық ахуал тұрақсыз. Сырқаттану өткен аптамен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Науқастардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша бір күнде 2700-дей адамнан COVID-19 анықталған. Қазір 21 мыңға таяу адам инфекциядан емделіп жатыр. Ауруханадағы 32 адамның жағдайы ауыр. 12 науқастың жағдайы - өте ауыр. Өкпені жасанды желдету құрылғысына 7 адам қосылған. Оның алтауы - жетпіс жастан асқан кісі, біреуі - 4 айлық сәби. Жамбыл облысының кішкентай тұрғынында ауру ауыр өтіп жатыр, дейді дәрігерлер. Коронавирустан бөлек тағы қосымша дерті бар. Сондай-ақ жансақтау бөлімінде 44 адам жатыр. Соның ішінде 2 бала бар. Олар елордадағы балалар жұқпалы ауруханасында жатыр. Бұдан бөлек, 249 жүкті әйел коронавирус жұқтырғаны айтылды.
Асылбек Данияр