Алматыда эпидахуал күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда эпидахуал күрделі

19.01.2021

Алматыда коронавирус жұқтырған 16 науқастың жағдайы аса ауыр, ал 141 адамның халі ауыр деп бағалануда. 

Яғни, мегаполисте эпидахуал әлі де күрделі. Бір тәулікте 79 адамнан вирус табылған. Коронавирусты тұрғындар көбіне қоғамдық орындардан, автобустарда немесе науқаспен байланыс кезінде жұқтырып жатыр. Пациенттер арасында 20 мен 39 жас аралығындағы азаматтар көп. Мамандар 60 жастан асқан қарт кісілерге шұғыл қажеттілік туындамаса, үйден шықпауға кеңес береді. Вирусты сырттан әкелу жағдайлары жиілеген. Соңғы 3,5 айда Алматыға ұшып келген 79 жолаушыдан коронавирус табылған. Анықтамасының жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды. Қалада екінші толқынға дайындық аясында 7 мың орындық 23 стационар дайындалды. Тәулігіне 14 мыңнан астам зерттеу жүргізетін 23 ПТР зертхана жұмыс істеп тұр. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу