Астанада қызылша жұқтырған 4 баланың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қызылша жұқтырған 4 баланың жағдайы ауыр

12.01.2024

Астанада қызылша жұқтырған 4 бала реанимацияда жатыр. Бұл туралы қалалық №3 көпсалалы балалар ауруханасы директорының орынбасары мәлімдеді. Роза Өтегенованың айтуынша, бұл балалар қызылша инфекциясын жұқтырғанға дейін белгілі бір диагнозбен есепте тұрған. Қызылшаға қарсы екпе алмағаны да жағдайды күрделендіріп отыр, - дейді дәрігерлер. Мамандардың мәліметі бойынша, жалпы Астанадағы науқастардың 79 пайызы вакцина алмаған. Батыс Қазақстан облысында қызылша қайта күшейді. Өңірде он күнде 48 дерек тіркелген. Ал былтыр аймақта 477 адам вирус жұқтырған. Облыста 50 мың 500 адамды иммундау жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу