Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді

26.07.2022

Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды. Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу