Таразда «Tartyl Fest» спорт фестиваліне 500 адам қатысты.
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараға 18 бен 60 жас аралығындағы қала тұрғындары турникке тартылудан бәсекеге түсті. Тараз – республика бойынша «TARTYL FEST» өтетін 20 қаланың 4 шісі. 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылмақ. Финал қыркүйек айында еліміздің бас қаласында өтеді. 1 орынның жүлдесі – 3 миллион теңге. Бастысы спорттық жарысқа қатысу тегін. Әр қаладағы ойынның төрешілері 9 номинация бойынша 27 жеңімпазды анықтайды. Таразда өткен жарысқа барлығы 500 адам қатысты. Солардың ішінде ең көп турникке 34 рет тартылып жеңімпаз атанған Дархан Сәрсенов болды. Фестиваль соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Юрий Чекариди, қатысушы:
Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Менде бар күш жігерімді салдым. Турнир өте қызықты өтті. Жастарды спортпен айналысуға үгіттейтін бірегей жоба деуге болады.