Жапонияда коронавирус жұқтыру дерегі көбейді. Соңғы тәулікте вирус 150 мың адамнан табылған. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Ел ковидтің жетінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Жапонияның 47 провинциясының 30-да омикронның тез тарайтын жаңа түрі тіркелген. Ел астанасы Токиода 20 мыңнан астам тұрғыннан ковид анықталды. Эпидахуалдың нашарлағанына қарамастан билік әзірге адамдардың жүріс-тұрысы шектелмейтінін мәлімдеді.