Кей елде пандемия әлі күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кей елде пандемия әлі күшейіп келеді

14.12.2020

Германияда пандемия қайта күшейгендіктен, ұлттық карантин жарияланды. Ол өз күшіне желтоқсанның 16-да еніп, мектептер, аса маңызды емес дүкендер, сұлулық салондары қаңтардың 10-на дейін жабылады. Шектеу шараларының қатаңдатылатынын канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. 

Айта кетсек, сенбі күні Германияда 20 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, осы ауруға шалдыққандардың жалпы саны 1 миллион 321 мыңға жуықтады.

Жапонияда пандемия басталғалы алғаш рет бір тәулікте 3 мыңнан астам адамнан ковид табылды. Осыған байланысты қазір госпитальдер мен дәрігерлерге үлкен салмақ түсіп отыр. 

Оңтүстік Кореяда да эпидемия күшейді. Соңғы 24 сағатта бұл мемлекетте 1030 адам қауіпті инфекцияны жұқтырған. Мұндай пациенттер көбейе беретін болса, жергілікті үкімет мектептерді, дүкендерді, спортзалдарды жабатынын ескертіп отыр. 

Ал Қытайдың Ресеймен шекаралас Хэйлунцзян провинциясында 250 мың адам тұратын территория карантинге жабылды. Себебі аймақтағы екі елді мекенде бірнеше адамнан коронавирус табылған.

Арыстан Рысбек

коронавирус

Хабарламаларға жазылу