Жол апатынан жедел жәрдем фельдшері қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апатынан жедел жәрдем фельдшері қаза тапты

21.07.2022

Қостанай облысындағы Торғай-Арқалық тас жолының бойында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 53 жастағы фельдшер әйел қаза тапты. Ол науқастарды Жангелдин ауданының орталығы Торғайдан Арқалық қаласына алып бара жатқан. Көлікте барлығы бес адам болыпты. Соның үшеуі жарақаттанған. Апат Амангелді ауданындағы Байғабыл ауылының тұсында болған. Жедел жәрдем бұрылыстан күре жолға шыға келген нива шевролет көлігіне соғылыпты.

Тексеру кезінде нива көлігінің жүргізушісі ішімдік ішкені анықталды. Қазір ол қамауға алынған.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу