Jusan Bank мемлекеттен алған қаржыны біртіндеп қайтаруға міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Jusan Bank мемлекеттен алған қаржыны біртіндеп қайтаруға міндеттелді

20.07.2022

Jusan Bank мемлекеттен алған қаржыны біртіндеп қайтаруға міндеттелді. Екінші деңгейлі банктерге жасалған мемлекеттік қолдаудың мақсатты жұмсалуы жайында депутаттарға жауап берген Премьер-министр «алмақтың да салмағы бар» екенін ескертті. Елімізде 2017 жылдан бері банк секторларының қаржылық қуатын арттыру үшін арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Онда ірі қаржылық институттарды қосымша капиталдандыру қарастырылған. Бұл бағдарлама арқылы ел үкіметі еліміздегі бес ірі банкке қолдау көрсеткен. Мемлекеттік қолдауға дейін бұл банктердің жалпы шығыны 1,2 трлн теңгені құраған болатын. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу