Теңіз кенішінен қысқарған жұмысшылар үшін жол картасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішінен қысқарған жұмысшылар үшін жол картасы әзірленді

19.07.2022

Атырау облысындағы 9 кәсіпорын жұмысшыларға 34 млн теңге қарызын өтеуі тиіс. 

Сондай-ақ, Теңіз мұнай кенішінен қысқарған қызметкерлер жұмыссыз қалмайды. Олар үшін арнайы жол картасы әзірленді. Маңызды құжат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың облысқа сапары аясында мақұлданды. Оған үш тарап қол қойды.

Енді ТШО тоқсан сайын салаға жауапты министрлік пен өңір әкімдіктеріне адамдардың жұмыстан босатылатыны туралы ақпарат беріп отырады. Сол арқылы тізім электрондық еңбек биржасына орналастырылады. Келісімшарт аясында жергілікті билік жұмыспен қамтудың міндеттемелерін өзіне алады. Соның негізінде қысқа мерзімді оқуға жіберу, субсидияланатын жұмыс орындарына және Ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру, гранттар мен микрокредиттер беру қарастырылған.

Министрлік маниторинг жүргізеді. Кейін бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Сонымен қатар жұмысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындауды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бүгінде Теңізден 7 мың жарым адам қысқартылды.

Ж.Темірғали, Ө.Жаңабай

Хабарламаларға жазылу