Алматы облысында жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленді

30.03.2020

Елдегі төтенше жағдайға байланысы Алматы облысында жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленді. Жаңа жол картасы аясында өңірде 27 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 1240 жоба жүзеге асырылмақ. Індеттің таралуына байланысты қазір Алматы қаласының маңындағы кейбір кәсіпорындар жұмысын жартылай, кейбірі толық тоқтатуға мәжбүр. Сондықтан облыс әкімдігі тарапынан жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселесі шешімін таппақ.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жалпы алғанда 1240 жоба бекітілген. 109 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Жобалар сәуір айынан бастап жүзеге асырыла бермек.

Қуаныш СЕРІКҚАНОВ


Хабарламаларға жазылу