Теңіз кенішінде шектеу шаралары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішінде шектеу шаралары күшейтіледі

20.05.2020

Атырау облысындағы ең қауіпті індет ошағы Теңіз кенішінен тағы да жұмысшылар шығарылады. Сондай-ақ шектеу шаралары күшейтіледі. Кеніште жұмыс істеп жатқан комиссия осындай шешімге келді. Әзірге үйіне қайтарылатын қызметкерлердің нақты саны белгісіз. Бұған дейін 17 мың жұмысшысының зауыт аумағынан шығарылғанын айтқанбыз. Өңірде коронавирусқа щалдыққандардың тоқсан пайызы осы кеніш жұмыскерлері. Кен орнында 22 ауру ошағы анықталып, дизенфекцияланды. Қазір 200-ден астам науқас Теңізде ашылған ауруханада емделіп жатыр. 1800-ге жуық адам карантиндік бақылауда.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу