Қор нарығында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қор нарығында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеді

15.07.2022

Қор нарығында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеді. Көк қағаз 2 теңгеге қымбаттап, 480 теңге 58 тиынға теңесті. Еуро 474 теңге, ал рубль 8 теңге 25 тиын. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов рубльдің құбылуы теңгеге қысым көрсетіп жатқанын айтты. Елде алтын валюта қоры 2 млрд 400 млн долларға азайған. Қазір 32 млрд доллар. Қордағы қаражаттың азаюына Ұлттық банктің интервенция жүргізуі себеп. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу