Ұлттық валютаның долларға шаққандағы құны әлсіреп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы құны әлсіреп жатыр

29.11.2021

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы құны әлсіреп жатыр. Алматыдағы айырбастау орындарында бүгін 438-440 теңгеден сатылған. Қазақстан қор биржасында валюта бағамы 3 теңгеге түсіп, АҚШ ақшасы 433 теңге 72 тиынға теңесті. Сарапшылар бұған өткен аптада мұнайдың 72 долларға дейін күрт арзандауы да әсер еткенін айтады. ОПЕК-тің отырысы қарсаңында қазір шикізат бағасы біртіндеп көтеріліп келеді. Ал Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреуіне коронавирустың жаңа штамынын туған қауіп себеп дейді.

Мұхтар Орман, ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаменті басқармасының бастығы:

Тіпті Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей рублі де әлсіреп, доллар 75 рубльге дейін қымбаттады. Жалпы қарашаның басынан бері дамушы елдердің валюта индексі 4,6%-ға төмендеді. Ал доллар 2%-ға нығайған.

Алматы 

Ал экономистердің пікірінше, халық үш айда долларды көптеп сатып алып жатыр. Америка ақшасының нығаюына бірден бір себеп осы. Алайда интервенция жасап, доллар бағамын ұстап тұрудың қажеті жоқ деп санайды.

Мақсат Халық, экономист:

Дәл қазір интервенция керек деп есептемеймін. Желтоқсан айында бүкіл ірі компаниялардың бәрі салықтық міндеттемелерін  мемлекеттік бюджеттің алдында өтейді. Осы кезде өздерінде бар шетелдік валютаны олар теңгеге алмастырады. Нәтижесінде одан теңгеміз күшейеді. Сондықтан алдағы уақытта теңгеміз тұрақталады.



Хабарламаларға жазылу