Елде де жағдай мәз емес. Індет жұқтырғандардың саны екі жарым есе өскен. Сондықтан «Ashyq» қосымшасы қайтадан жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі айтты.
Қазір бізбен Орталық коммунациялар қызметінен әріптесім Асылбек Данияр тікелей байланысқа шықты. Асылбек, министр қандай болжам ұсынды?
Қазір елде 139 инфекциялық орталық жұмыс істеп тұр. Төсек-орын жүктемесі 20%.
Сондай-ақ стационарда жатқандардың 41 пайыздан астамы балалар. Оның ішінде 1 жасқа толмаған 23 бала бар. Қазір елдегі барлық өңір «жасыл» аймақта. Министр Ажар Ғиният мәлімдегендей болжам бойынша тамызда тәулігіне – 4000 адамға дейін вирус жұқтыруы мүмкін.
Бұдан бөлек «Ashyq» қосымшасының жұмысы қайта жанданады. Өткен тәулікте COVID-19 1200-ден аса адамнан анықталды. Елорда, Алматы және Шымкент қалаларында індет дендеп тұр. Министрліктің хабарлауынша, қазір коронавирустен 5 жарым мың адам емделіп жатыр. Ауруханадағы 16 адамның жағдайы ауыр. Жалпы, пандемия басталғалы коронавирусқа бір миллион үш жүз мыңнан аса адам шалдыққан.