Аргентинада шаруалар шеруге шықты. Олар салық көлемінің жоғары болуына, сондай-ақ, егін жинау науқаны кезінде дизель отынының тапшылығы туындағанына наразы. Елдің негізгі фермерлік қауымдастықтары 24 сағат бойына астық пен мал саудасын тоқтатты.
Демонстранттар үкіметке «салық қысымы жоғары» деп, шағымданып отыр. Бұған қоса, олар «билік экспорттық тарифтерді одан әрі көтеруі мүмкін» деп те алаңдайды. Айта кетсек, бұған дейін мұнда бір апта бойы жүк көлігі жүРгізушілерінің шеруі өтті. Олар жанармай бағасының қымбаттауына қарсылық білдірген.
Арай Төлегенқызы