Аргентинада он мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада он мыңдаған адам шеруге шықты

14.02.2019

Олар тарифтердің өсуіне, жұмыссыздыққа қарсы наразылықтарын білдірген. Аргентинаның оң-радикал лидері Маурисио Макридің саясатын да сынға алды. Акция салдарынан қала көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Елде коммуналдық тарифтер күн санап өсіп барады. Ал, жалақы аз. Бұл халықтың қалтасын қағып отыр. Айта кетейік, қазір Аргентина қаржылық және экономикалық дағдарыста тұр. Мұнда жылдық инфляция 47,6 пайызға жеткен. Бұл - өңірдегі ең жоғары көрсеткіш.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу