Ақмола облысында 500-ден астам техника көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 500-ден астам техника көрмеге қойылды

14.07.2022

Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Жаңа дала. Егістік күні» атты дәстүрлі көрмесі өтіп жатыр. Екі күнге жалғасқан ауқымды шара отандық шаруалардың тәжірибе алмасып, іскерлік серіктестігін арттыруға бағытталған. Дала көрмесіне биыл 100-ден аса кәсіпорын қатысып отыр. 500-ден астам ауыл шаруашылық техникасы қойылған. Шаруалар үшін маңызы жоғары жәрмеңкеге Аграрлық несие корпорациясы да қатысты. Жыл басынан бері мекеме тарапынан, 7 мыңнан аса ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші кәсіпорын қаржыландырылған.

Хабарламаларға жазылу