Еліміз бойынша 11 республикалық автожол жабық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша 11 республикалық автожол жабық

15.04.2024

Еліміз бойынша республикалық маңызы бар бірнеше автожолды су басты. Осыған орай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысындағы көлік қатынайтын 11 бағыттағы тасжол жабылды. «Қазавтожол» мекемесінің мәліметі бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы жолдарда, су деңгейі 50 см-ге дейін жеткен. Қазір қызыл судан тазарту, жолдарды қалпына келтіру жұмыстарына 400-ден астам техника мен 500-ден аса адам жұмылдырылған.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу