Елімізде 340 елдімекенде су басу қаупі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 340 елдімекенде су басу қаупі жойылды

04.04.2022

Қазір ел бойынша 340 елді мекенде су басу қаупі жойылды. 385 аймақта қауіп барынша азайған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша 10 шақырымға жуық өзен арналары қайта құрылып, 22 шақырымы тазартылды. Қорғаныс бөгеттері салынып, жөндеу жүргізілді. Өткен тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Батыс және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облысында 150 мың текше метрдей еріген қар суы сорылды. Батыс Қазақстанға Маңғыстау және Атырау облысынан 92 адам, 13 бірлік техника көмекке жетті. Екі облыста 773 адам эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйіне орналастырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Қазір Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облысында жолдардың 14 учаскесін су басқан. Жағдайды реттеуге 2200-ден аса адам мен 500-ге жуық техника жұмылдырылды. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу