Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі эпидахуалға тоқталған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Қазір коронавирусқа қатысты ахуал күрделене түсті. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан»,-деді Президент. Жағдайдың күрделенуіне негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты. «Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал», - деді Президент.
Жазира Оразқызы