Оралдағы қарттар үйінде 61 жастағы ер адам өз бөлмесінде асалып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы қарттар үйінде 61 жастағы ер адам өз бөлмесінде асалып қалған

11.07.2022

Оралдағы қарттар үйінде 61 жастағы ер адам өз бөлмесінде асалып қалған. Марқұмның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықта 14 жылдай өмірі өткен. Оған мамандар алғашқы көмек көрсеткен. Бірақ одан нәтиже шықпады. Әзірге қайғылы оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Бір анығы көз жұмған зейнеткер екінші топтағы мүгедек болған. Әрі биыл көктемде облыстық Психикалық денсаулық сақтау орталығында емделген. Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни, «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қызметкерлерден сұрақ-жауап алынды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу