Алматы базарында таяқ жеп, кейін ауруханада көз жұмған жігітті ұрған күдікті ұсталды. Ол Жамбыл ауданының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қолға түскен азамат көрші ауданда жасырынып жүрген. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.