«Алтын Орда» базарында жас жігітті қарақшы тонап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын Орда» базарында жас жігітті қарақшы тонап кетті

15.06.2022

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарында тапа тал түсте жас жігітті қарақшы тонап кетті. Белгілісі, базарда жүген бозбаланың ұялы телефонын әлдебіреу ұрлап алады. Мұны байқап қалған ол қалта ұрысын қуып жетіп, ұстаған. Алайда қаскөй қолды еткен затты бергісі келмей, оған қоқан-лоқы көрсетіп, бірнеше рет ұрып жібереді. Тіпті пышақ шығарып, сес көрсеткен. Қазір бұл деректі полиция бақылауына алып, видеодағы бұзақы іздестіріліп жатыр.

Авторы: Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу