Қара алтын құны бүгін 4%-ға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара алтын құны бүгін 4%-ға арзандады

07.07.2022

Қара алтын құны бүгін 4 пайызға арзандап, сәуірдің ортасынан бері алғаш рет 99 долларға дейін төмендеген еді. Кешкі саудада "Брент" сұрыпты мұнай бағасы 101 долларға дейін көтерілді. Өткен саудамен салыстырғанда Америка мұнайының құны да 1,5 пайызға өсіп, 99 долларға сатылып жатыр. Дүние жүзі шикізат нарығындағы жағдайға рецессия қаупінің жоғары болуы себеп. Осыған байланысты инвесторлар мұнай сатып алудан бас тартуға мәжбүр. Әлемнің орталық банктері ұлттық валюталардың құлдырауынан үрейленіп, базалық пайыздық мөлшерлемені көтере бастады. Бұл жағдай жаһандық рецессия қаупін тудырып отыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу