Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

30.03.2020

Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады. Бүгін Brent маркалы қара алтын құны барреліне 23 долларға дейін түсті. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Опек елдерінің келісім жасай алмауынан, мұнай бағасы наурыздың басынан бері құбылып тұр. Енді сәуірдің 1-нен бастап ұйым мүшелері өз міндеттерін орындауды тоқтатады. Мұнай бағасы мен әлемді жайлаған пандемия қор биржасына әсер етуде. Бүгін Азия акциялары шамамен 3-4 процентке арзандады. АҚШ-та да жағдай мәз емес. Ел билігінің коронавируспен күреске 2 триллион доллар бөлетініне қарамастан, құнды қағаздар 3 процентке құлдырады. Ал Австралияда индекстер біршама өскен. Оған ел үкіметінің экономикалық рецессияға қарсы шараларды күшейтуі себеп.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу