Эпид ахуал: Карантиндік шектеулер әзірге енгізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эпид ахуал: Карантиндік шектеулер әзірге енгізілмейді

05.07.2022

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты әзірге карантиндік шектеулер енгізілмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Бірақ мамандар адам көп шоғырланған сауда үйлері, әуежайлар мен вокзалдарда маска киюге кеңес беріп отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында вирус жұқтырғандардың тек 5 пайызы шетелден келгендер. Сондықтан әзірге шекарадан кіретіндерге ПТР-тест тапсыру міндеттелген жоқ. Ведомство басшысы "қазір елде ұжымдық иммунитет қалыптасты" деп отыр. Жағдай күнделікті бақылауда. Еске сала кетейік, вирус жұқтыру бойынша кеше Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қазақстан «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте елімізде 187 адам вирус жұқтырды. Оның 112-сі Алматы қаласында, 37-сі елордада тіркелген.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

«Ауырған адамдардың 80 пайызы вакцинация алмаған. Немесе ревакцинация уақыты өтіп кеткен. Аурулардың көпшілігі өте жеңіл түрінде ауырып жатыр. Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша 220 пациент ауруханада жатыр. 11-нің жағдайы қатаң. Бірақ өкпе жетілдіру аппаратында жатқан пациенттер жоқ».

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу