Әзірге карантиндік шектеулер енгізілмейді – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірге карантиндік шектеулер енгізілмейді – министрлік

30.06.2022

Елімізде эпидахуал нашарлап барады. Бірақ әзір карантиндік шектеулер енгізу мәселесі туындаған жоқ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова осылай деді. Бас санитарлық дәрігер эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» немесе «сары» аймақтарда ешқандай шектеулер жоқ екенін еске салды. Тек «қызыл» аймақтар қатары көбейгенде шектеулер енгізіледі. Ал Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймақта. Еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан мен Алматы сары аймаққа жақындап келеді. Вице-министрдің айтуынша, вирус жұқтырушылардың дені – вакцина алмаған азаматтар.

Хабарламаларға жазылу