Атырауда ревакцинацияға сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ревакцинацияға сұраныс артты

05.07.2022

Атырауда ревакцинацияға сұраныс артты. Айналасы екі айдан астам уақытта үшінші мәрте екпе алғандар саны 25 пайызға артқан. Бүгінде бас-аяғы 90 мың адам дәрілік препаратты қайта қабылдап, вирусқа қарсы иммунитетін нығайтты. Бұл тізімде әлі 160 мыңдай тұрғын бар. Өңірде соңғы 2 аптада індет қайта күш алып, эпидахуал күрт нашарлады. Індет жұқтыру 8 есе өсті. Осы аралықта 30 адамнан инфекция анықталды. Қазір емдеу орындарында 14 науқас жатыр. Олардың арасында жүкті әйелдер мен балалар да бар. Облыста коронавирусқа қарсы вакциналардың тапшылығы жоқ. Бүгінгі күні өңірлік қорда 130 мың доза екпе сақталған.

Асхан Байдуәлиев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Науқастардың бәрі бақылауда болады. Амбулаторлы қызметкерлеріміз соны бақылауда ұстайды. Жалпы дайындығымыз толықтай бар. Дәрі-дәрмек те, одан кейін, төсек орындар да.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу