Украина әскерилері Ресей армиясының Лисичанск қаласын басып алғанын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскерилері Ресей армиясының Лисичанск қаласын басып алғанын растады

04.07.2022

Украина әскерилері Ресей армиясының Лисичанск қаласын басып алғанын растады. Осылайша, Луганск облысы түгелдей Мәскеудің бақылауына өтіп отыр. «Ауыр шайқастан кейін Украина қорғаныс күштері Лисичансктен кетуге мәжбүр болды», - дейді жергілікті әскер штабының өкілдері. Олардың айтуынша, бұл ауданда Ресей артиллериялық қаруымен, ұшақтарымен және адам күшімен басым түскен. Ал, украиналықтарға арсенал жетпей жатыр. Дегенмен, президент Владимир Зеленский мәлімдегендей, ел әскері Лисичанск қаласына жаңа тактикамен, заманауи қарумен оралуды көздеп отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу