АҚШ Украинаға тағы 1,1 миллиард доллардың әскери көмегін беретінін жариялады. Бұл қаражат 18 «Хаймарс» зымыран жүйесі мен басқа да қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алуға жұмсалады. Майдандағы жағдайға келсек, Украина әскері Донецк облысындағы Лиман қаласын толық қоршауға жақын. Бұны АҚШ-тың соғысты зерттеу институты хабарлады. Оның дерегінше, Ресей әскері Лиманнан айырылса, украина жауынгерлері әрі қарай Луганск облысының екі қаласы – Лисичанск пен Севердонецкті шабуылдауға кірісуі мүмкін. Ресей жауынгерлері Харьков облысында ойсырай жеңілерде, осыған ұқсас жағдайға душар болған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ Украинаға тағы 1,1 миллиард доллардың әскери көмегін беретінін жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/164464/)