Маңғыстаудың Шетпе ауылында карьерлер тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудың Шетпе ауылында карьерлер тексеріліп жатыр

04.07.2022

Маңғыстаудың Шетпе ауылында қиыршық тас өндіретін карьерлерді кешенді тексеру басталды. Бас прокуратура халықтың талабын ескеріп, мораторийге қарамастан рұқсат берген. Осыған орай, қазір барлық құзырлы мекеме өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеуде. Айта кетейік, ауыл тұрғындары карьерлерден шыққан шаңға тұншығып отырғандарын айтып, бірнеше жылдан бері шағымданып келген. Расында да, таудан тас өндірушілер экологиялық талаптарды орындамаған. Соңғы 2 жылда карьерлермен күрес күшейіп, төртеуі ауылдан алыс жерге көшірілді. Тағы біреуі жабылды. Жалпы елдімекеннің жанында жұмыс істеуге 25 карьерге рұқсат берілген. Қазір соның 12-сі өнім өндіруде. Оларға су себу, қондырғыларға шатыр орнату және карьер ішілік жолдарды асфальттау туралы ұсыныстар берілген.

Нұрлыбек Құлжабаев, Шетпе ауылының тұрғыны:

Алдыңғы жылдан қарағанда биыл жақсы, жаман емес. Бірақ мәселе шешілген жоқ . Шаң енді азайғанда кірме-шықпа жолдарда көлік жүретін ауыр жүк көлік солардан шаң өте қатты бар. Ал былай қазіргі таңда карьердің именно өзінен шаң ондай көрінбейді қазіргі таңда.

Асқар Аққұлов, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары:

Карьер иелері кәсіпкерлерге осы халықтың наразылығы бойынша шаңды шығармау бағытында ұсыныстар айтылды. Оның бірі жұмыс проецесі кезінде су себу жұмыстары. 50 пайызға дейін шаң шығармау жұмыстарына қол жеткіздік деп есептейміз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу