Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Шахавское ауылында ірі-қарадан бруцеллез анықталып, елдімекенде шектеу шаралары енгізілді.
Індет ошағынан мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Жыл басынан бері өңірде 345 мыңнан астам ірі-қарадан жоспарлы сынама алынды. Нәтижесінде 85-інің бруцеллез жұқтырғаны анықталды.
Қауіпті індет Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандарында тіркелді.