5 қалада жаңа карантиндік шектеулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 қалада жаңа карантиндік шектеулер енгізілді

02.08.2021

Бүгіннен бастап бес қалаға жаңа карантиндік шектеулер енгізілді. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды. Енді талапқа сәйкес орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдары, әкімдіктер, медициналық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары мен азық-түлік дүкендері, дәріханалар, тағы тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq» жобасына қосылмаған барлық мекемелердің қызметі тоқтатылды. Көпшіліктің басы құралатын шараға тыйым салынды. Сондай-ақ вакцина алғандар мен соңғы үш айда ауырғандардан басқа қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге міндетті. Ал, құрылыс, өнеркәсіптік кәсіпорындар, байланыссыз қызмет көрсету саласы Ashyq-қа тіркелмей ақ жұмысын жүргізе береді. Бұл тізімге гүл дүкені, фотосалон, туркомпаниялар мен сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбард кіреді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу