Бүгін «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген телесериал да бар. Байқау 2017 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың негізгі мақсаты қазақстандық теле индустрияның дамуын ынталандыру. Биылғы жүлделер 10 аталым бойынша табыс етілді.
Тұмар ұлттық телевизиялық байқауында 2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы 30 мамырға дейін эфирге шыққан бірегей жобалар бақ сынады. Оған республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да ұйымдар қатысты. Аталған байқау алтыншы рет өткізіліп отыр.
Асқар Омаров, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Бұл жүлдеге 300-ден астам өтініш келген. 40 номитнант бекітілді. Қазылар алқасы шешкен. Әзірге құпия болып тұр.
«Қазақстан телерадиокорпорациясы» Тұмар ұлттық телевизиялық жүлдесінің 8 аталымы бойынша шорт-тізімге енді. Солардың арасында үздік телевизиялық сериал номинациясында көпшіліктің көзайымына айналған «Ахмет. Ұлт ұстазы» топ жарып шықты.
Мұрат Есжан: «Үздік телевизиялық сериал» номинациясының жеңімпазы
Ал, Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама аталымында Астана арнасында эфирге шығатын «Сараптаймс» бағдарламасы бас жүлдеге ие болды. Үздік тележурналист деп хабар арнасының тілшісі Владислав Цой танылды. Үздік ойын-сауықтық бағдарлама Алматы арнасына бұйырса, үздік ток-шоу аталымын атамекен арнасы жеңіп алды. Ал «Каспиден кеткен қыпаштар» үздік деректі фильм атанды.
Жеңімпаздар қазылар алқасының құпия дауыс беруі арқылы анықталды. Жүзден жүйрік шыққандар қазақстан телевизиясын дамытуға қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады. Ұлттық бәйгеге 2017 жылдан бері 1400-ге өтінім қабылданып, 100-ге кәсіби маман «Тұмар» мүсіншесінің иегері атанды.