АҚШ-та жүк машинасынан 46 мигранттың мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жүк машинасынан 46 мигранттың мәйіті табылды

28.06.2022

АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласының шетінде тұрған жүк машинасынан 46 мигранттың мәйіті табылды.

Тағы 16 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде 4 бала бар. Тірі қалғандардың аптап ыстықтан қатты зардап шеккені белгілі болды. Ал жүргізушісі тастап кеткен көлікте желдеткіш жұмыс істемеген және ауызсу жоқ. Қаза тапқандардың екеуі – гватемалалықтар, қалғандарының азаматтығы белгісіз.

Сан-Антони АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан. Адам саудагерлері үшін негізгі транзиттік жол осы қала арқылы өтеді.

Қылмыстық топтар құжаты жоқ мигранттарды Құрама Штаттарға тасымалдау үшін жүк машиналарын жиі қолданады.

Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынып, қазір олар тергеліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу