Еуразиялық даму банкі өткен жылы 19 жаңа жоба бойынша келісімге қол қойды.
Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен қаржылық ұйым кеңесінің отырысы өтті. Алдағы 5 жылда бұл институт Қазақстанда, Арменияда, Тәжікстанда және Қырғызстанда түрлі жобаларды дамытуға назар аудармақ.
Сонымен қатар жиында тексеру комиссиясының және Банктің Ішкі аудит қызметінің есептері қаралды.