Әлихан Смайылов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді

01.07.2023

Әлихан Смайылов сондай ақ Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді.

«Инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд долларға артқан. Әлі де өсім бар. Банктің тұрақты дамуы мен қатысушы елдердегі жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстарды жалғастыруымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар банкке кіру мәселесі бойынша Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер туралы есеп Кеңестің қарауына ұсынылды.

«Қатысушылар тізімін кеңейту Банкке ықтимал тәуекелдерді азайтуға және жаңа интеграциялық бастамаларды іске қосу мүмкіндіктерін пысықтауға мүмкіндік береді»,-дейді жиынға қатысушылар.


Хабарламаларға жазылу