Президент елорда әкіміне тұрғындардың түйіткілді мәселелерін шешуді тапсырды. Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қалада 3-ші Жылу Электр Орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жаңа аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 200-ден астам аула мен қоғамдық демалыс орны жаңартылады. Президент елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Алтай Көлгінов, Нұр-сұлтан қаласының әкімі:
Сонымен қатар ең негізгі мәселе осы қаланың халқының санының өсуіне байланысты қолжетімді баспананың қарқынын төмендетпеу. Сонымен бірге әлеуметтік нысандарды мектеп құрылысын, басқа да әлеуметтік нысандарды уақытылы іске тапсыру жөніндегі тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы