Мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

13.04.2022

Мемлекет басшысы «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады. Президентке телеарнаның жұмысы туралы ақпарат айтылды. Алдағы кезеңде арна ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына бейімдеуді тапсырды.

Президент қабылдауы: 200-ден астам аула мен қоғамдық орындар абаттандырылады

Биыл елордадағы 200-ден астам аула мен қоғамдық орындар абаттандырылады. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Алтай Көлгінов осылай деді. Елорда әкімдігі Президент тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үйлер алабын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау, жекеменшік сектордан инвестиция тарту жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Соңғы үш айдың өзінде 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Қала экономикасына 154 миллиард теңгеден астам қаржы тартылған. Жекеменшік сектордан инвестиция тарту көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. Президент қала әкіміне шаһарды дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу