Ақмола облысында су мәселесі шешіле ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында су мәселесі шешіле ме?

21.06.2022

«Cу мәселесі шешілмей келеді». Ақмола облысы Егіндікөл ауылының тұрғыны «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауына келіп, аймақ проблемасы туралы айтты.

Жағдай мүшкіл, ауылда ұңғыма да, құдық та жоқ. «Аптасына 1-2 рет әр үйге 250 литр су беріледі», – дейді ол. Ауыл жойылудың аз-ақ алдында тұр. Жауапты министрлік өкілдері «келер жылы мәселе толығымен шешіледі» деген.

Ел тұрғындарын сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, үймен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу мәселесі толғандырады.

Жалпы биыл партияның қоғамдық қабылдауына түрлі сауалмен 65 мыңнан аса адам жүгінген. Ал «Мобильдік қоғамдық қабылдау» жобасы аясында партиялықтар 578 ауылды аралады. Әрбір өтініш бойынша партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов бірқатар нақты тапсырма берді.  

Хабарламаларға жазылу