Батыс Қазақстанда шаруалар жер, су, қаржыландыру мәселесін шешуді сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда шаруалар жер, су, қаржыландыру мәселесін шешуді сұрайды

11.03.2022

Батыс Қазақстанда жерді суландыруға техника салған шаруалар қаржыларын ала алмай жүр. Бұл туралы шаруалардың кеңейтілген жиынында айтылды. 

Батыс қазақстандық шаруалардың жайылымды суландыруға жұмсаған қаржысы желге ұшты. Шаруалар бағдарламаның жүйелі жүзеге аспағанына наразы. Өңірдегі 12 ауданнан жиылған 500-дей шаруа бүгін өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салды. Жиында жер берудегі заңсыздық, су тапшылығы, киіктің жайылымды отауы, оның санын реттеу мәселесі қаузалды. Сондай-ақ, ауылдағы ағайынның несие ала алмай жүргені, кепілдік жайы да талқыланды. Жергілікті билік өкілдері шаруалар сұрағына жауап беріп, жиын қорытындысы бойынша құзырлы министрлікке ұсыныстарын жолдамақ.

Талғат Байкенов, шаруа:

Су мәселесі шешіле ме, шешілмей ме? Суаруға былтыр көзқарас өзгерді. Соған біздің жігіттер 20-30 млн-дап ақша салды, инфраструктура салды. Екіншіден, топырақ дайындау. Бірақ өкінішке орай,ол бағдарлама істелінбеді. Қаражаты уақытында бөлінбеді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу