Бас қалада қарасора өсірген ер адамдар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас қалада қарасора өсірген ер адамдар ұсталды

21.06.2022

Елордада есірткі зертханасы анықталды.

Екі ер адам жалға алынған ғимараттың төменгі қабатында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірумен айналысқан. Тінту барысында қарасораны өсіруге арналған құрылғы, электронды таразы, қаптау материалдары, тыңайтқыштар мен препараттар табылған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Хабарламаларға жазылу