Украина әскері ауыр шығынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскері ауыр шығынға ұшырады

15.06.2022

Украина күштері Северодонецк пен Харьков облысында Ресей әскерімен шайқаста ауыр шығынға ұшырап жатыр. Осылай деген Владимир Зеленский серіктестерінен зымыранға қарсы заманауи қару сұрап, оны кешіктермей жіберу қажеттігін баса айтты. Ал елдің қорғаныс министрлігі Киев-Батыс уәде еткен қарудың 10 процентін ғана алғанын хабарлады. Үш көпір қираған Северодонецкте Украина күштері тұрғындарды эвакуациялаудың амалын іздеп жатыр. Қарулы қақтығысқа дейін 100 мың тұрғыны болған қала үшін шайқас тіптен күшейді. Мұндағы «Азот» химиялық зауытында жүздеген адам жасырынған. Сонымен бірге украиналық әскерилер де бар. Ресей олардан қаруларын тастап, берілуді талап етті.

Авторы: Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу