Зиянкестермен күрес: ШҚО-да маса мен шыбын-шіркей қаптап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиянкестермен күрес: ШҚО-да маса мен шыбын-шіркей қаптап кеткен

14.06.2022

Шығыстағы Күршім ауданының тұрғындары шыбын-шіркейден көз ашпай отыр. Әсіресе Қалжыр, Боран және Теректі ауылдарында жағдай мүлде қиын. Маса мен шіркейдің көптігінен халық тіпті үйден шығудан қалды. Жауапты мамандар зиянкесті улап үлгермей жатқанын айтады. 

Бұл Қара Ертісті бойлай қоныстанған ауылдардағы қазіргі жағдай. Масаның көптігі сонша жұрт көктем шыққаннан суық түскенге дейін осылай оранып шымқанып жүреді.

Шығыста тек соңғы бір аптада ғана жауын жауды. Қуаңшылықтың кесірінен су тоғандарының көбі тартылып, батпаққа айнала бастаған. Ал биолог мамандардың айтуынша ондай жер маса-шіркейге өте қолайлы. Қалжыр мен Боран ауылы дәл сондай сулы-нулы жерде.

Қайныкен Серікбаева, Қалжыр ауылының тұрғыны:

Осы мына масаға деген ем бар ма? Шіркейге. Тіршіліктен қалдық. Балалармыз жаз болса қалаға кетеді. Не жеміс еге алмаймыз. Не мал сауып, мал ұстай алмаймыз.Ауылдың тіршілігі екі сиыр мен тауық ұстап жұмыртқасын алу. Тіпті тауығымызға дейін алба-жұлба болып қалды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша шыбын-шіркейді улау жұмысы өте кеш қолға алынағын. Оның өзі дұрыс жүргізілмеді- деп, отыр.

Баймұрат Беркейұлы, Боран ауылының тұрғыны:

Дәрі шашқанда Боран аулының адамдары айтып та жатыр. Масаға шашып жатқанда уды көріп жүрген комиссияның бірі-мен. Тұп-тура көшеге өрлеп-құлдап шашады. Қалған жақ деген маса түтіп тұр оған бармайды.

Зиянкестерді улауға биыл Күршім аудандық бюджетінен 20 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа мамыр айынын бері 10 мың гектардай жерге дәрі себілген. Бірақ одан нәтиже шамалы болғандықтан екінші рет қайта өңдеу жүргізіліп жатыр.

Мақсат Әкірамов, Күршім аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Барлық жұмыстар комиссиялы түрде ауылдық округ әкімі, сонымен қатар ауылдың азаматтары белсенділері қатысуымен барлық жұмыстар бақылауда. Бұған бір ғана ауданның шамасы жетпейді. Бұған негізі ғылми түрде. Ауыл шаруашылығы министрлігі бола ма? Экология министрлігі бәрі бірілесіп, ғылыми түрде мұны зерттеу керек.

Зерттеу жұмысын нақты қай министрлік жүргізетіні әлі нақтыланбаған. Ал ауыл тұрғындары жайдары жазда арқаны жазып, табиғат аясына шығу былай тұрсын, есік алдындағы күнделікті шаруамызды атқару мұң болды деп қынжылады. .

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу