Cемейде өрттен 31 адам құтқарылды
Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 31 адам құтқарылды. Оның 16-сы бала.
Өртсөндірушілер Физкультурная көшесіндегі үйдің 6-қабатынан автосатымен 2006 және 2008 жылғы екі баланы қою түтіннің арасынан алып шықты. Улану белгілері болғандықтан олар медициналық мекемеге жеткізілді. Қалғандары баспалдақ арқылы құтқарылған. Тағы 50 адам қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Ал балаларға көмектеспек болған пәтер иесі күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге 40 адам және 10 техника жұмылдырылған.
Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01